Русский Казахский
ЗАГРУЗКА
Назад
Далее
/templates/russian/demo/a5BZ6PMi.jpg
/templates/russian/demo/2050_960_400.jpg
/templates/russian/demo/рухани.png

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің сайтына Қош келдіңіздер!



    80 жылдық тарихы бар өнегелі білім ордасы Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі агро өндірістік, құрылыс және мұнай – газ саласында мыңдаған кәсіби мамандар даярлады. Техникум тарихы ел дамуындағы қиын қыстау кезеңдерді басынан өткізді. Репрессия, Ұлы Отан соғысы жылдары кездерінде техникум оқушылары мен педагогтары Отан қорғаушылардың алдыңғы қатарынан табыла білді. Осындай ерлік көрсеткендері үшін оларға мың алғыс білдіреміз. 80 жыл бойы оқу орнының атауы да бірнеше рет ауысты. Алайда, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі алдыңғы қатарлы орта кәсіптік  және техникалық білім беретін оқу орындарының бірі болып қала береді. Қазіргі колледждің дамуына елеулі үлес қосқан барлық оқытушылар, қызметкерлер, өндірістік оқыту шеберлері, әлеуметтік серіктестерге үлкен алғысымды білдіремін. Өз ісінің шебер мамандарын даярлауда колледж ұжымы қоғам мен еңбек нарығы талаптарын есепке ала отырып, оқыту мен тәрбие үрдісінің заманауи әдіс – тәсілдерін қолданады. Сегізінші он жылдыққа аяқ басқан колледж  көнеден қалған мұраны сақтай отырып, әрі қарай жаңашылдықты енгізетін болады. Біз жас кәсіби мамандарды оқытумен қатар, ел болашағын құрудамыз. Педагогикалық ұжымымыздың жоғарғы әлеуеті егеменді еліміздің кәсіптік білім беру жүйесін қалыптастыруда өз үлесін қосуға қабілетті екеніне сенім білдіремін.